Сапаны да сатып алуға тура келеді. Қазақстан көлік инфрақұрылымын жақсартудың бір қадамы, сын көтерер жолдарды ақылы етуді жоспарлап отыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Қазір сынақ ретінде Алматы — Қапшағай, Алматы — Қорғас, Астана — Теміртау тасжолына терминал қойды. Келесі жылдың қаңтар айынан Шымкент — Ақтөбе — Мартук, Шымкент — Тараз — Қайнар және Астана — Павлодар жолына төлем жүйесін орнатуға байқау жариялады.
Демек 2020 жылдарға қарай 17 автожолда тегін жүру тоқтайды. Бұл 6 жарым мың шақырымды құрайды.