Британ басылымы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін жазды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Box Nation GGG-дің алғашқы жеңілісінен кейінгі қарсыласы WBA Regular белбеуінің қазіргі иегері Роб Брант болуы мүмкін деп есептейді.
Промоутерлер Головкин мен Риото Муратаның жекпе-жегі туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланған болатын, алайда жапон боксшысы Бранттан жеңіліп, белбеуінен айырылды.
Бұған дейін WBO тұжырымы бойынша орташа салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Деметриус Андраде GGG-ді жекпе-жекке шақырған еді.
Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жекте алғаш рет жеңіліске ұшырады. Төрешілердің шешімі GGG-ді WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белбеулерден айырды.