Бүгін «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалында облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Болашағы бір ел — бақытты ел» атты конференция өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Конференцияға Астана, Қарағанды, Алматы және Қызылорда қалаларындагы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушы-профессор құрамы мен студенттері катысты.
Алғашқы болып Астана және Алматы қалаларынан келген баяндамашылар өз баяндамаларын оқыды.
Пленарлық отырысты Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің Кеңес төрағасы, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Серікбол Берікқожа жүргізді. Алғашқы баяндаманы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Археология, этнология және музеология кафедрасының профессор міндетін атқарушысы, т.ғ.д. Бибізия Калшабаева жасады.
Сонымен қатар, Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрсейіт Қарабаев сөз алды. Ол аталмыш жоба шеңберінде ұйымдастырылған «Болашағы біртұтас ел!» посторлар және «Үздік мақала» атты журналистер арасында мақалалар байқауының қорытындысын шығарды.
Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Конференцияның жалғасы секциялық отырыстармен жалғасын тапты. Онда студенттер мен магистранттар және оқытушы-профессор құрамдары баяндамалардан кейн озара пікір алмасып, ой болісті.