2018 жылыдң 6-8 қараша күндері жауын-шашын және тұман түседі, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
— Республиканың басым облыстарында жауын-шашын жауып, ауа райы құбылмалы болады. Сондай-ақ, Батыс Сібір аймағынан ауысатын атмосфералық фронттармен байланысты тұман түсіп, көктайғақ болады. 8 қарашада Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында, әсіресе тау бөктері және таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы орташа көпжылдық температураға жақын болуы ықтимал, — делінген хабарламада.