Жамбыл ауданында өндірілген өнім көлемі артты

0 2

Жамбыл ауданында биыл өнеркәсіп саласы бойынша 7 млрд. 461,3 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте аудан әкімі Бақыт Қазанбасов айтты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Бұл көрсеткіш 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 127,1%-ды құрайды. Биыл «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-і 5 млрд. 183,4 млн. теңгеге 90,6 мың тонна өнім өндірген.

Сондай-ақ, ірі және орта кәсіпорындар ағымдағы жылы «КнауфГипсТараз» ЖШС 991 млн. теңгеге  гипс өнімдерін өндірген. Ал, «БиномСтройДеталь» ЖШС-і 242,2 млн. теңгеге темірбетон бұйымдарын шығарды.

Бұған қоса, «Суперфарм» ЖШС-і 883,6 млн. теңгеге  матадан жасалмайтын медициналық бұйымдар шығарған. Ағымдағы жылдың 9 айында Сондай-ақ, «КазУпакТрейд» ЖШС-де 97,3 млн. теңгеге гипс өнімдері өндірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.