Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекараны шегендеу бойынша Заңға қол қойды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды» — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Өзбекстанмен арадағы шекараны да шегендеу бойынша заңға қол қойды.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің ауданы туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды» — делінген Ақорда таратқан ақпаратта.