Елбасы мемлекеттік статистика саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы мемлекеттік статистика саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің ауданы туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Халықаралық азаматтық авиацияға қатысты заңсыз актілермен күрес туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.