Жамбыл ауданында 4 млрд. 003,1 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді

0 2

Жамбыл ауданында ағымдағы жылдың 9 айында жалпы көлемі 4 млрд. 003,1 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте аудан әкімі Бақыт Қазанбасов айтты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Аудан басшысының айтуынша, үстіміздегі жылы бюджет қаражаттары есебінен 1 млрд. 860,6 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып, оның есепті кезеңде 1 356,9 млн. теңгесі игерілген.

Атап айтсақ, Аса ауылындағы «Байтерек» тұрғын алқабында үш қабатты тұрғын үйге инженерлік инфрақұрылымы және абаттандыру құрылысына облыстық бюджеттен 91,0 млн теңге бөлінді және Жалпақтөбе ауылы Я.Шывазы көшесі №1 мекенжайдағы балабақша қазандыған газбен жабдықтауға облыстық бюджеттен 34,2 млн. теңге бөлініп, оның 30,0 млн. теңгесі игерілді.

Сондай-ақ, Пригородное ауылының ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіру үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. 283,8 млн. теңге бөлініп, оның 964,3 млн. теңгесі игерілген.

Аса ауылынан ауыл шаруашылығы малдарын ветеринарлық егу-емдеу жұмыстарына арналған арнайы алаң құрылысын салуға облыстық бюджеттен 27,2 млн. теңге бөлінді. Ал, Бірлесу-Еңбек ауылынан 140 орындық мектеп құрылысына облыстық бюджеттен 250 млн. теңге бөлініп, оның 130,0 млн. теңгесі игерілді.

Бұған қоса, Тоғызтарау ауылын сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысына 174,4 млн. теңге бөлініп, оның 114,4 млн. теңгесі игерілген.

Сонымен қатар, биыл негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 19 млрд. 159,1 млн. теңгені құрайды. Жан басына шаққанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі: 231 510 теңге.

Leave A Reply

Your email address will not be published.