Жаңатаста жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

0 2

Отан қорғаушылар күнінде бүгін Жаңатас қаласында жаңа Спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Жаңа нысанның ашылуына қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, жаңа спорт кешенінде талай мықты спортшылардың түлеп ұшуына тілектестігін білдірді. Мұнан соң бокстан КСРО чемпионаттарының екі дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы Серік Өмірбеков пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәлі Орымбаев та ізгі тілектерін арнады.

Жаңа спорт нысанының лентасын салтанатты жағдайда аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сахарап Қырғызбаев және спорт ардагері Тастан Шайхистамов қиды. Айта кетейік, бүгінде ауданда 18 мыңнан аса адам спортпен жүйелі шұғылданады. Сонымен қатар, аудандағы 226 спорттық нысандар қолжетімді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.