Бұл келісім кіші авиацияның ұшаққа деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған. Қазақстан мен Ресей бірлесіп көп мақсатты ИЛ-103 ұшағын жасап шығарады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Көп мақсатты ИЛ-103 ұшағын бірлесіп өндіру туралы келісімге қол қойған кезде аталып өткендей, Ресей мен Қазақстанда және шетелде жеңіл ұшақтарға сұраныс көбейіп келеді. Форум аясында құжатқа Илюшин атындағы авиациялық кешеннің бас директоры Алексей Рогозин мен «Қазақстанның авиациялық зауыты» ЖШС бас директоры Виктор Долженков қол қойды.
«Қазақстан аумағында әрі қарай ұшақ өндірісі, ұшақ сату және сатқаннан кейін қызмет көрсету орталығы болып кеңейетін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойдық. Еліміздегі жаңа өндірістің арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болады», — деп пікір білдірді Виктор Долженков.
Айта кетсек, бірлескен кәсіпорын Петропавлда 2019 жылы іске қосылады.