Kaspi bank туралы жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды

0 2

Алматы қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері Kaspi bank туралы жалған ақпарат таратты деген күдікпен 35 жастағы елорда тұрғынын ұстады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.

Ұсталған азаматқа ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінде қарастырылған қылмысты жасады деген айып тағылып отыр.

— Астананың 35 жастағы тұрғыны үстіміздегі ай басында әлеуметтік желілер арқылы Kaspi Bank-тің қызметі мен оның басшылығына қатысты жалған ақпарат таратты. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері барлық қажетті шұғыл және тергеу шаралар кешенін жүргізуде, — деп мәлім етті Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ аталмыш қылмысқа қатысы бар өзге де тұлғалар анықталуда.

Еске салайық, қараша айының басында WhatsApp арқылы Kaspi Bank-тің банкротқа ұшырағандығы туралы ақпарат тарай бастады. Кейін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев оның шындыққа жанаспайтындығын мәлімдеді.

— Ел тұрғындарын арандатушыққа ермеуге шақырамын. Бұл таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін ел заңнамасында қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертемін. Жалған ақпарат таратуға қатысы барлардың барлығы анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады, — деді Алмас Садубаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.