Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Тараз қаласындағы медициналық мекемелердің жай-күйімен танысты
Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Тараз қаласындағы медициналық мекемелерді аралады.
№5 және №1 қалалық емханаларға барып, облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы барысын, Гродеково дәрігерлік амбулаториясын көрді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Сонымен қатар, медициналық ұйымдарды аралау барысында министр денсаулық сақтау ұйымдарының инфрақұрылымдарымен, медициналық ұйымдардың жұмысымен, олардың материалдық-техникалық жарақтануымен танысты.
Е.Біртанов халыққа медициналық қолжетімді көмек және оның уақтылы көр-сетілуін, денсаулық сақтау жүйесінің шеңберіндегі жаңа медициналық технологияларды және ақпараттық жүйелерді енгізу аспектілерін бақылады.
Сондай-ақ, министр бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді жетілдіру, емханалардағы кезектер мәселелерін, профилактика және ауруларды емдеу бөлігінде азаматтарды ақпараттандыру деңгейін, халықпен кері байланыстың тиімділігін реттеу мәселелерін пысықтады.
Жұмыс сапары соңында, аймақтың денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен жиын өткізді. Онда ұсынылатын медициналық қызмет сапасының мәселелері, облыстағы дәрігерлерді кәсіби дайындау деңгейлері мен цирфландыру мәселелері көтерілді.