Ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні сағат 18.30-да Жамбыл облыстық қазақ драма театрында драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың «Ең жақсы еркек» атты комедия-фарсы қайырымдылық қойылым ретінде көрсетіледі. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Қайырымдылық кештен түскен қаржы ұзақ уақыттан бері лейкоз ауруымен ауыратын Тараз қаласындағы «77 ТВ» телеарнасының репортеры Альфия Мингазованың Израиль еліне барып емделуі үшін жинақталып жатқан қаржы қорына қайырымдылық ретінде қосылатын болады.
Тараз қаласы тұрғындары мен қонақтарын аталған қайырымдылық қойылымға келіп қатысып, жас журналист қыздың емделу шараларына үлес қосуға шақырымыз.
Билеттер арнайы таратушылар арқылы сатылады!
Айта кетейік, «Ең жақсы еркек» комедия-фарсы отбасы құндылықтарын бағалап, сақтау тақырыбына арналған қойылым.