Облыста 11 633 адам жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр

0 1

2018 жылдың қазан айының соңында жұмыспен қамту органдарына ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны 11 633 адам. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Облыс экономикасында ағымдағы жылдың екінші жартысындағы мәлімет бойынша, 504,8 мың адам белсенді еңбек етіп жүр. Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде жалдамалы жұмыскерлер саны 326,1 мыңды құрады. Бұл — жалпы еңбеккерлердің 65,5 пайызы.

Жалдамалы жұмыскерлердің басым бөлігі, яғни 77,3 пайызы ұйымдарда еңбек етеді. Ал өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны — 178,7 мың адам. Өз бетінше еңбекпен қамтылғандардың айтарлықтай үлесі ауыл шаруашылығымен (55,2 пайызы) және саудамен (29,6 пайызы) айналысып жүр.

Үшінші тоқсанда жұмыссыздар саны 25,8 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз болып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.