Жамбыл облысында студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

0 10

Бүгін Жамбыл облысында студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Енді әулиеаталық студенттер өздеріне қажетті құжаттарды еш қиындықсыз электронды түрде ала алады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.  

Орталықтың ашылу рәсіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова және Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, «Сбербанк» АҚ Тараз қалалық филиалының директоры Дәурен Акшалов, Университет ректоры Ержан Әмірбекұлы қатысты.

Тараз Мемлекеттік Педагогикалық университетіндегі жаңа орталық Елбасының Жолдауына сәйкес, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру жұмыстарының негізінде ашылған. Орталықта студенттер үшін электронды үкімет порталы арқылы өздеріне қажетті құжаттарды алуға арналған мүмкіндіктер қарастырылған.

Салтанатты жиын барысында ТарМПУ ректоры Ержан Әмірбекұлы жаңа орталықтың мүмкіндіктерімен таныстырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.