Елбасының қызметтік көлігі Теміртаудағы бірінші президент мұражайына әрең сиды. Оқ өтпейтін металмен қапталған неміс көлігін ішке кігізу үшін ғимараттың кіре бірісін бұзуға тура келіпті. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды
Мұражайда елбасының қолданған заттары мен әр елдің басшылары берген сыйлықтар бар. Енді ол Назарбаевтың осыдан 10 жыл бұрын мінген қызметтік көлігімен толықты.
“Негізгі кіре беріс арқылы кіргіздік. Ол үшін алдымен кіре берістегі есік терезелердің бәрін алып тастауға тура келді. Қрандармен көтеріп баспалдақтарға қойдық. Содан кейін эстокада орнатып сол арқылы ішке кіргіздік. Аса қиын болған жоқ енді”, — дейді Тұңғыш президент тарихи-мәдени орталығының директоры Саида Сарғызова.
Көліктің қозғалтқышының көлемі 5 жарым литр, салмағы 5 тоннаға жетеді. Корпусы мен терезелерін калибрі 5 сантиметрге дейінгі снаряд та тесіп өте алмайды. Президент көлікті ел аумағын аралағанда және мәртебелі қонақтарды күтіп аларда мінген.