Енді кәмілеттік жасқа толған мемлекеттік мекеме түлектерінің құқын қорғаумен қауымдастық жанынан ашылған қамқорлық кеңесі айналысады.
Кеңеске мемлекеттік қайраткерлер, парламент мәжілісінің депутаттары және бизнес өкілдері, меценаттар мүше. Әр саланың мамандары бірлесіп баланың ел қатарлы білім алып, еңбекпен қамтылуын және баспаналы болуына жағдай жасайды. Бұл туралы Алматыда қоғамдық ұйымның ресми таныстырылу салтанатында айтылды.
Балалар үйінің тәбиеленушілері бастамасымен құрылған қауымдастық мақсаты- дағдарысқа тап болып, әлеуметтік өмірге бейімделе алмаған жастарға өмірден дұрыс жол табуына көмектесу. Елбасы 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. Жалынды жастар жаңа идеялармен қоғамға жаңаша екпін әкелуде. Бүгін осындай белсенді жандарға «Жастарға жол» қорының аясында жыл сайынғы «Ел бірлігі» сыйлығын табыстау рәсімі өтті.
Рафаэль Гасанов, Қазақстандағы балалар үйі түлектері қауымдастығының төрғасы:
— Біз мін айтып, сынаудан аулақпыз. Мұқтаж жастарға ақпараттық, құқықтық қолдау көрсетіп, дұрыс шешімдер қабылдауына көмектесеміз. Біздің түлектердің 70 пайызы көмекке зәру. Бірінші кезекте ол мемлекеттік жәрдемақы, баспана, сапалы білім мен жұмыспен қамту. Алайда арамызда керемет бизнесмендер, депутаттар, Олимпиада чемпиондары да бар.
Дереккөз: 24.kz