Қазақстанда жаңа жылда қосымша пойыздар жүреді

0 1

Сұранысқа ие Қостанай-Алматы бағытында қосымша пойыздар іске қосылды. Жаңа жылдық мереке күндері Алматы-2–Қостанай және Қостанай–Алматы-2 бағыты бойынша қосымша рейстер іске қосылды. Бұл туралы «ZhambylNews» AA Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

«Жолаушылар тасымалы» компаниясы өкілдерінің айтуынша, бұл бағыт қазақстандықтар арасында үлкен сұранысқа ие.»Алматыдан сәрсенбі – 26 желтоқсан, жексенбі – 30 желтоқсан және дүйсенбі – 31 желтоқсанда шығады. Қостанайдан бейсенбі (27 желтоқсан), дүйсенбі (31 желтоқсан), сондай-ақ келесі жылы 1 қаңтарда жүреді», — деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» компаниясы.

Билеттер қазір сатылып жатыр.

Айта кетсек, Алматы-Қостанай пойызына шағым көп түскеннен кейін «Турксіб-Астана» команиясы жағдай-ды түзеп, «апаттық» вагондармен жолаушы тасымалдауға уәде берген еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.