Қазақстан Тәжікстанға қайтарымсыз әскери-техникалық көмек көрсетеді, — деп хабарлады «ZhambylNews» АА ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Астанада өткен ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Жанжүменовтің Қазақстан Республикасындағы Тәжікстан Республикасының Өкілетті елшісі Назирмад Ализодамен кездесуі барысында белгілі болды.
Кездесу барысында тараптар Тәжікстан Республикасына ақысыз әскери-техникалық көмек көрсету туралы екі елдің үкіметтері арасындағы келісімге қол қойды.