Қазақстан мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 1 миллиард доллардан асып жығылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Қос тарап саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салада ынтымақты арттыра бастаған. Әсіресе мата өнеркәсібі мен ақпараттық технологиялар мен атом энергетика салаларында ауқымды істер атқарылды.
Болат Сәрсенбаев, Қазақстанның Үндістандағы Төтенше және өкілетті Елшісі:
— Жер бетіндегі адамның 6-дан бірі Үндістанда тұрады. Олардың саны бір миллиард 300 миллион. Соныдқатн бұл біз үшін өте үлкен нарық. Мұнда өз тауарымызды экспорттауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ кей мемлекеттерден қымбатқа алып жүрген тауарды осы елден арзандау бағаға табуға болады екен. Мәселен үнді шәйі. Сол сынды мрамор тас, мата түрлері бар.