Ақша жинаудың заманауи әдісі

0 5

Ақшаны арнайы жинақ сандықшада жинауға болады. Одан бөлек, банктерден де жинақ шотын ашып, оны тиімді қолдануға болады.

Жинақ шоты дегеніміз не?

Жинақ шоты – белгілі бір мақсатқа сәйкес ақша жинауға мүмкіндік беретін шот. Картадағы ақша қалдығына сәйкес ай сайын белгілі бір пайыз мөлшерде ақша шотыңызға түсіп тұрады. Оны кез келген уақытта ала аласыз және түскен пайыз сіздің қаражатыңыз есебінде саналады. Банктер жинақ шотын белгілі бір мақсат негізінде жинауды ұсынады. Тұтынушы не үшін, қанша және қашанға дейін жинайтынын өзі шешеді. Кейбір банктер бұл жинақ түрі «мақсаттық» деп аталады. Банк ай сайын салу керек мөлшерді есептеп береді. Қарапайым жинақтан айырмашылығы жоқ, тек ай сайын салып отыруы тиіс қаржы мөлшері көрсетіледі.

Жинақ шоты не үшін керек?

Жинақ шоты сізді артық шығындалудан сақтайды. Бұл шоттағы қаражатпен дүкенде, мейрамханаларда төлем жүргізе алмайсыз: «банк сіз үшін ақшаны тығып қояды». Автоматты түрде шотты толтыру қызметін іске қосып қойыңыз да, айлық жалақыңызда бұл қаражаттың барын естен шығарыңыз.

Соған қарамастан, жинақ шотын кез-келген уақытта қолдануыңызға болады (күнделікті шығынды есептемегенде). Мысалы, Түркияға жолдамаға жеңілдіктер жүріп жатыр делік. Сіз жинақ шотындағы ақшаңызды қолдана аласыз. Қарыздану немесе несие алудан өзіңізді сақтайсыз.

Оның үстіне, жинақ шоты қарапайым банк карталарына қарағанда қауіпсіз. Оны жоғалтып алудан қорықпайсыз, сайттар мен банкоматтағы қарақшылықтан сақтайсыз.

Қалай қолдану керек?

Айына бірнеше рет ақша алмаңыз. Кейде банк ең төменгі  қалдық мөлшерге пайыз есептейді. Мысалы, ай басында 200 мың теңге, ортасында 100 мың теңге болып, аяғында 300 мың теңге болса, пайыз тек 100 мың теңгеге есептелуі мүмкін. Сондықтан, қажетті мөлшерде ақша жиналмайынша, ақшаны шешпеңіз.

Ірі сомадағы қаражат жинау.  Көбірек ақша жинақталғанс айын қалдық бойынша пайыздық үлесті есептеу мөлшері арта түседі. Сондықтан, ай сайын салу керек қаражаттың мөлшерін сәл арттыруды ұмытпаңыз.

Банк хабарламасына мән беріңіз. Пайыздық мөлшерлеме банктің өз ерекшеліктеріне сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл туралы банк алдын-ала хабарлайды. Сондықтан, хабарламалардың бәріне мән беріңіз.

Дереккөз: Massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.