Көп адамдар демелыс алып, саяхаттау үшін тамыз бен қыркүйек айларын қолай көреді. Неге демалыс 7 күн немесе 21 күн емес, 10 күн болуы керек? Біз осы сұрақтың жауабын іздеп көретін боламыз.
Елестетіп көріңіз демалыс алып жатырсыз. Бір елге саяхаттауды да жоспарлап қойдыңыз. Мақсат: теңізде шомылып, күнге қыздырынып қайту. Екі күн жолға кетеді. Ұшу үшін алдын ала әуежайға келесіз. Жеткенен соң жүктеріңізді жайғастыру тағы басқа мәселелермен бір күніңіз өтіп кетеді. Қайтқанда да тағы бір күніңіз осылай өтеді.
Нәтижесінде 7 күннен 5 күн қалады. Ғалымдар адам шынында да демалып, сергу үшін кемінде 8 күн керек дейді. Алғашқы 4 күн жұмыстан кейінгі шаршаған ағзаның қалпына келуіне кетсе, 4 күн демаласыз.
Демек, 1 апталық демалыс алсақ, тынығу үшін бар-жоғы бір-ақ күн қалады деген сөз. Адам бір күн демалып шаршау шығара алмайды. Ал егер, демалыс 10 күннен көп балса ше? Екі аптадан артық демалсаңыз, онда қайтадан жұмысқа кірісуіңіз қиын боп қалады. Сол үшін де 10 күн демалу пайдалы. Жылына 1 рет болсын демалып тұру керек. Себебі уақытының көп бөлігін жұмыста өткізген адам қате мен кемшіліктерге бейіл келеді.
Дереккөз: Massaget.kz