Облыста каникулярлық мектеп өз жұмысын аяқтады

0 3

Қысқы демалыс күндері облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 130-дан астам оқушысы Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің каникулярлық мектебінде білім алды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Каникулярлық мектептің мақсаты облыстың әр түрлі білім беру ұйымдарының 6-сынып оқушыларына жаратылыстану-математика ғылымдарын зерделеу және Зияткерлік мектептерінде оқу үшін Тұңғыш Президенттің «Өркен» грантына үміткерлерді дайындауға жағдай жасау.

Күндізгі сабақтарға виртуалды мектептің тапсырмаларын сәтті орындаған балалар қатысты. Жоба аясында оқушылар үшін олардың қабілеттерін ашуға және мектеп құрылымымен жақсы танысуға мүмкіндік беретін іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мектеп мұғалімдері математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен төрт күндік сабақ өткізді.

Шара соңында әрбір тыңдаушыға жобаға қатысқанын растайтын сертификаттар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.