Шу ауданының әкімі жастармен кездесті

0 15

Шу ауданында «Жастар жылы-жаңа серпін бастауы» деген атпен жастардың аудан әкімімен кездесуі өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Статистикалық мәлімет бойынша, бүгінгі күні ауданда жалпы тұрғындар саны 100 516 болса, оның 22 221-і 14 пен 29 жас аралығындағы жастарды құрайды екен, немесе 22,1 пайыз. Оның ішінде аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы арқылы 2018 жылы 1509 жас жұмысқа тартылса, оның ваканттық бос жұмыс орындарына 877 жас, «Жастар практикасы» бойынша 302 жас, қоғамдық жұмысқа 97 жас, әлеуметтік жұмыс орындарына 19 жас, қысқа мерзімді оқыту курсына 161, кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 54 жас қамтылып, 30 жас несие алған екен.

Өңірде әлеуметтік саясатты жүргізу мақсатында ауқымды жобалар атқарылуда. Соның бірі жастарға, әсіресе әлеуметтік жағынан аз қамтылған жастарға ел тұрғындарын қолдауға бағытталған «Zhas Projeсt» жобасы жүзеге асырылуда. 3 адамнан 5 адамға дейін команда құрып, бүгінгі күні ауданда 24 жоба жұмыс жасап, 76 жас жұмыспен қамтылған. Бағдарлама іске асырылғаннан бүгінгі күнге дейін 426 маман келіп жұмысқа орналасып, 216 маманға бюджеттік несие берілген.

Айта кетейік, «Zhas Projeсt» жастар корпусын дамыту жобасы биылғы жылы еліміздің 6 облысында іске асырылып жатыр. Жоба 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастарды қамтиды. Елбасымыздың тапсырмасымен 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Дипломмен ауылға!» әлеуметтік бағдарламасы ел болашағы — жастардың өз мамандықтарына сай жұмысқа орналасып, баспана алып, өмірден орындарын табуларына қолайлы мүмкіндік берді. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.