Қорағаты ауылдық округінің әкімі халық алдында есеп берді

0 5

Т. Рысқұлов ауданына қарасты Қорағаты ауылдық округінің әкімі Бақытбек Аблазимов Аққайнар, Мамыртөбе, Қорағаты станциясы тұрғындары алдында 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебін берді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Бүгінде ауылдық округтің жалпы бюджеті 20 млн. 234 мың теңгені құрады. «Өңірлерді дамы­ту» бағдарламасы бойынша бюд­жеттен бөлінген 1,343 мың тенге қаржыға Қорағаты станциясындағы Теміржолшы көшесіне орта жөндеу жұмыстары толығымен жүргізілді. Қалған үнемделген қаражатқа Бесікбай көшесіне бильборд  орнатылды.

Ауылдық округтің негізгі салық түсімдерінің бірі — көлік салығынан 1 млн. 110 мың теңге, табыс салығынан — 303,8 мың теңге және мүлік салығы — 33,4 мың теңге, жер салығы — 66,1 мың теңге алынды. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 32 шаруа қожалықтары егін және мал шаруашылығымен айналы­суда. Оның ішінде 12 шаруа қожалық тұрақты жұмыс істейді. 2018 жылы егістік жерлердің 4982 гектарына күздік бидай, 1690 гектарына жаздық арпаны 5 шаруа қожалығы сеуіп, орташа түсім 21,7 центнерден айналды. Қысқы мал азығына 5750 тн пішен шөп, 3200 тн сабан дайындалды. 2019 жылдың өніміне 3835 га күздік бидай мен 200 га күздік арпа себілді. Сонымен бірге, ауылдық округте қоғамдық тәртіпті сақтау — аса маңызды мәселелердің бірі. Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында учаскелік полиция инспекторымен бірігіп, ауыл округіне қарасты елдіме­кендерде көп жұмыс атқарылды, құқықбұзушылық азайып, мал ұрлығы тыйылды.

Сондай-ақ, Луговой орман шаруашылығынан 550 түп қарағаш көшеттері алынып, ауылдағы мәдениет үйі, мектеп, ФАП т.б. мекемелердің аулаларына отырғызылды. Қорағаты мен Мамыртөбе ауылдары арасындағы 23 шақырым аралықты құрайтын автожолға 250 млн. теңге қаражат бөлініп, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Тұрғындар тарапынан Аққайнар ауылының су мұнарасын жөндеу, Мамыртөбе ауылы мен Қорағаты ауылы арасындағы электр бағаналарын ауыстыру, Қорағаты ауылдық аймағы елді мекендеріне табиғи газ кіргізу мәселелері көтерілді.

Өз кезегінде ауыл әкімі бұл жұмыстардың жоспарға сай шешімін табатынын жеткізіп, тиісті орындармен жұмыстар туралы баяндады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.