Тараз қаласында қоғамдық көліктер электронды билет жүйесіне көшуде

0 0

Тараз қаласында қоғамдық көліктер электронды билет жүйесіне көшуде. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы негізінде қолға алынған жоба өткен аптадан бастап №40 қоғамдық көлікте тестік жүйеде тексеруден өткізілуде. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Жаңа жүйенің енгізілуінің арқасында қоғамдық көлікте қызмет көрсету сапасы, жүргізушілердің және жол серіктердің жалақысы, сонымен қатар, тасымалдаушы компаниялар табысы, бюджетке түсетін салық түсімі көбейетін болады.

Қазіргі уақытта Тараз қаласында қанша адам тасымалданып, қоғамдық көлік қанша айналымда жол жүретіндігі туралы нақты ақпарат жоқ. Барлығы шамамен жасалады.

Ал бүгінгі жаңа жүйе толымды ақпаратты анықтауға көмек береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.