Облыс әкімі Асқар Мырзахметов «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдерін қабылдады

0 2

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Астанадан арнайы келген «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционерлік қоғамының өкілдерін қабылдады. Қонақтардың қатарында қордың басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Денис Есентаев, менеджер Ильяс Жұматаев және акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалының директоры Бақытжан Исақов бар. Бұл туралы «ZhambylNews» AA облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дәулет Мақсұтұлы даму қорынының кәсіпкерлікті дамытуға арналған жаңа бағдарламалары бойынша презентация жасап, олардың тиімділіктері жөнінде баяндады. Ол қордың негізгі мақсаты еліміздің стратегиялық даму жоспарын орындауға үлес қосу екендігін айтып, бұл бағытта біршама нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізіп отырғандарын жеткізді. Сондай-ақ, қордың жаңа жүйесі бойынша өндеу өнеркәсібі мен ауылшаруашылық саласы бағытындағы жобаларға қаржы бөлуге дайын екендігін айтып, екінші деңгейлі банктердің қормен белсенді жұмыс жасап отырғандығын тілге тиек етті.

Асқар Исабекұлы бұған дейінгі бағдарламалардың жүргізілу тәртібі жергілікті сұраныс берушілерді аса қанағаттандырмағанына тоқталып, негізгі мақсат – қалайда өңір экономикасын тиімді жолмен дамыту екендігін баса айтты. Сондай-ақ, тиісті қаржы алдымен аудандағы өнеркәсіп салаларын дамытуға бөліну керектігіне назар аудартты.

Өңір басшысы бөлінетін қаржы алдымен екінші деңгейлі банктерге түссе, банктер өздерінің несиелік саясатына сай жұмыс жасап, әкімдік шетте қалып қоятынын назарға алды. Асқар Исабекұлы қор өкілдеріне ешқандай екінші деңгейлі банктерсіз, шағын несие беру ұйымдары арқылы жұмыс жасасу шартын ұсынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.