Мектеп жасына дейінгі білім берудің жаңа форматы енгізіледі

0 0

2020 жылдан бастап балабақшалар мен мектептерде 0 сыныптар енгізілетін болады. Бұл жайында ҚР БҒМ Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие басқармасының басшысы Шарапат Сұлтанғазиева Таразда өткен республикалық семинарда мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Мектепке дейінгі білім беру. Нормативтік құқықтық база» тақырыбында өткен семинарда осы салаға енген өзгерістер мен жаңалықтар барша қала, аудандық балабақша меңгерушілері мен әдіскерлеріне түсіндірілді. Сондай жаңалықтардың бірі, енді балабақша тәрбиешілерінің біліктілік санаты жаңа форматтағы үлгіге сәйкес көтеріледі.

Семинар барысында Шарапат Сейсенбекқызы мектепке дейінгі білім берудегі нормативтік құқықтық актілерге тоқтала отырып, балабақшаның жылдық оқу және жұмыс жоспарларына, қамқорлық кеңес жұмысына және тәрбиешілердің еңбек жалақысын көтеру мәселелеріне кеңінен тоқталды. «Педагог мәртебесі» заң жобасы талқыланып, ұсыныстар мен пікірлер жеткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.