Қажылық-2019: Қазақстанға қанша квота бөлінді

0 2

2019 жылы үш мыңнан астам қазақстандық қажылыққа бара алады. Қажылыққа барушыларға наиб мүфти бастаған қажылық миссиясы көмектеседі, деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі.

Сауд Арабиясының қажылық және умра министрлігі Қазақстанға 3 200 орын бөлді.

ҚМДБ төрағасы Серікбай Ораз бастаған Қазақстан делегациясы осы жылы қажылық ұйымдастыруға арналған жиынға қатысты.

Әзірге 2019 жылы қажылықтың қай күндері аралығында болатыны белгісіз. Өткен жылы Қазақстанға үш мың, 2017 жылы 2 500 квота бөлген болатын.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.