ҚХР мен Өзбекстаннан заңсыз мигранттар әкелген қылмыстық топ ұсталды

0 0

ІІМ Криминалдық полиция қызметкерлері Қытай және Өзбекстан азаматтарының заңсыз көші-қонын ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«31 қаңтар күні Шымкент қаласында өткізілген арнайы операция барысында бір жеке серіктестік аумағынан 137 Өзбекстан және 73 Қытай азаматы ұсталды. Қытай азаматтары транзиттік әуе рейстерімен еліміздің аумағына заңсыз енген. Қазіргі уақытта оларды еліміздің аумағынан шығару мәселесі шешілуде» — делінген хабарламада.

Бұл заңсыз көші-қон каналын аталған серіктестіктің басшылары — екі Қытай азаматы және Қазақстан азаматшасы ұйымдастырған. Олардың бәрі ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Бұған қоса, Алматы қаласында елімізге заңсыз келген 9 Қытай азаматы тұтқындалды, оларға еліміздің азаматтары жол көрсетіп отырған. Шетелдіктер сот шешімі бойынша елімізден шығарылып, оларға Қазақстанға қайта келуге тыйым салынды» — деп хабарлады баспасөз қызметі.

 Дереккөз: baq.kz
Leave A Reply

Your email address will not be published.