Жұмыс сапарымен келген ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары қабылдау өткізді

0 3

Өңірге  жұмыс сапарымен келген ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары қоғамдық қабылдау өткізді. «Нұр Отан» партиясы фракциясы мүшелері азаматтардың арызы мен өтініштерін  тыңдады.

Кездесуге келгендер баспана мәселесі және күрделі жөндеу қажет ететін мектептер жайын қозғаса, қала маңындағы елдімекен тұрғындары балабақша мен мектеп салып беруді сұрап отыр.

Мәжіліс депутаттарымен кездесуге алдын-ала 6 адам жазылған. Олардың көбісін толғандырған әлеуметтік саладағы мәселелер болды. Шалғай Қарасу алқабындағы ауыз су мен көгілдір отын мәселесін айта келген тұрғын елдімекенге мектеп, балабақша жетіспейтінін де жеткізді. Ал, сала мамандары 600 орындық білім ордасының сметалық құжаттары дайындалып жатыр дейді.

Бұдан өзге қабылдауда орыс тілі пәні мұғалімдерінің жетіспей жатқаны да сөз болды. Сонымен қатар, № 31 орта мектебінің ата-анасы балалары білім алатын оқу ғимаратына күрделі жөндеу керек екенін жеткізді. Қала тұрғындарының өтініш тілектерін жауапты сала мамандары да тыңдады. Алдағы уақытта олар осы өтініштер бойынша жұмыс жүргізетін болады.

Дереккөз: Jambyl TV

Leave A Reply

Your email address will not be published.