Жамбыл облысында обырға қарсы онкүндік өтуде

0 8

1-10 ақпан аралығында Республика өңірлерінде Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күніне арналған онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте анықтау туралы онкүндік өтуде. Бұл туралы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңындағы баспасөз конференцияда облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері Абай Нұржанов мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Берілген мәліметке сүйенсек 2018 жылы Қазақстан бойынша 171813 адам онкологиялық аурумен есепте тұр, оның ішінде Республика бойынша  35175 адам алғашқы рет ауырған.

Ал Жамбыл облысында өткен жылдың қорытындысы бойынша 7194 адам қатерлі ісікпен есепте тұр. Осы жыл бойынша қатерлі ісікпен алғашқы рет анықталған аурулар саны 1582 (2017 жылы-1596), аурушаңдық көрсеткіші 141,2 (2017 жылы-143,0), яғни төмендегені байқалады.

Сонымен қатар, өлім көрсеткішіне келсек облыс бойынша 2018 жылы 813 адам қайтыс болып 72,5 пайызды құрады. Ал 2017 жылы 950 адам қайтыс болып өлім көрсеткіші 85,1 пайызды құраған. 2016-2019 жылдарға арналған ҚР «Денсаулық» бағдарламасы бойынша өлім көрсеткіші бойынша индикатор 74,35 пайыз болып бекітілген.

Сондай-ақ, өткен жылы облыста қатерлі ісікпен алғашқы рет ауырған 1582 адамның 59,5 пайызы сырқаттың I және II дәрежесінде екені анықталды (2017 жылы-58,3%).

Leave A Reply

Your email address will not be published.