Ардагерлер оқушылармен кездесті

0 31

Ауған соғысы ардагерлері өңірлерді аралап жас буын өкілдерімен  кездесулер өткізуде. Батырлардың басқосуы Байзақта да болды. Ауданға қарасты Жетібай ауылының оқушылары ауған соғысы ардагерлерін концерттік бағдарламамен қарсы алды.

Өз кезегінде ел ағалары жас буынға  бойдағы отансүйгіштік қасиетін оятып, әсерлі әңгімелерін айтып берді. Әуелі ауған жерінде шейіт болған азаматтарға  бір минут үнсіздік жарияланды.  Артынан мектеп түлегі әрі  соғыста ерлікпен қаза тапқан Қайрат Сүлейменовтың естелік тақтасына гүл шоқтары қойылды. Білім ошағының ұжымы дайындаған мерекелік кеште өрендер өнерлерін ортаға салды. Балғындар патриоттық тақырыптағы әндерімен, өлеңдерімен тамаша қойылымымен жиылғандарды тебірентті. 

— Бұл соғыс жарияланбаған, ойыннан өрт шыққан соғыс. Бұл Америкамен Кеңестер одағының сол кездегі өздерінің қару жарақтарын тексеру мақсатында болған соғыс деп айта аламыз. Халыққа, елімізге рахметімді айтқым келеді. Мерекеден мереке бола берсін. Елімізде соғыс болмасын. Тыныштық болсын деп тілеймін,- деді Жамбыл облысы бойынша «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамының» төрағасы Дүкенбай Ермеков.

Кеңестіктер үшін 10 жылға созылған қан майданға Жамбылдан  2000-нан аса жауынгер аттанып, елге  тек тең жартысы  аман оралған. Ал соғыс  ардагерлерімен кездесуден көпшілік алған  әсеріміз  ерекше дейді.

Тағылымы мол жүздесуде ардагерлер жас өрендерге қанды қырғынның қиындығын айтып, заманның қиын кезеңін ұғындырды. Еліміздегі тыныштық пен татулық біздің ең үлкен байлығымыз екендігін де жеткізді.

Дереккөз: Jambyl TV

Leave A Reply

Your email address will not be published.