Жамбыл облысы бойынша 116 200 адам атаулы әлеуметтік көмек алу мүмкін

0 1

Жамбыл облысында мемлекеттен атаулы әлеуметтік жәрдемақы алатындардың саны 116 мың 200 адамға  дейін өседі. Бұл 23 мыңнан астам отбасы қамтылады деген сөз, және  өткен жылғымен салыстырғанда 50 пайыздай артық. Халыққа қолдау көрсету Елбасының «Нұр Отан» партиясының 18-ші съезінде берілген тапсырмаларына сәйкес жүзеге асатын болады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бүгінгі таңда облыста 75 000 адам немесе 14 852 отбасы атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылған. Бұған жыл басында 2,7 млрд теңге қаржы қарастарылыпты. Аз қамтылған отбасыларға жәрдемді арттыру мақсатында жүргізілген есептеу нәтижелеріне байланысты бұл көрсеткіш 41 200 адамға өсуі мүмкін. Қазіргі есеп бойынша ол 23 240 отбасы.  Осынша отбасын қамтамасыз ету үшін облыс 13,3 млрд. теңгеге сұраныс білдіріп отыр. Әрі нақтылау, зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сәкен АРУБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

— Бүгінгі таңда облыс бойынша аудандарды аралап, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек аясында отбасының әлеуметтік портреті ретінде анкеталық база қалыптастырып жатыр. Анкетада әр көмек көрсетілетін отбасы туралы жан жақты мәліметтер жазылып, қанша көлемде қаражат төленетіні көрсетілетін болады.

Елбасы тапсырмасына сәйкес, атаулы көмек еліміздің барлық өңірлерінде сәуірдің 1 нен бастап берілуі тиіс. Сьезден кейін облыстық әлеуметтік төлемдерді ведосмствоаралық есептеу орталығының өзіне 824 отбасы қайрылса керек. Ондағы мамандардың берген мәліметі бойынша, жалпы Тараз қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматына сай 4 жарым мыңға жуық отбасы қамтылуы ықтимал. Ал, құжаттар Желтоқсан көшесіндегі халықты жұмыспен қамту орталығында қабылданатын болады.

Жадыра Төреханова, көп балалы ана: 

— Мен алтын алқа иегерімін. Мен осы 21 мыңды білейін деп келген едім. Қандай көмек бар, қандай құжаттар керек екенін. Алайда, халыққа қызмет көрсету орталығындағылар сәуір айының басында келесіздер, сол кезде қажетті құжаттарды айтамыз деді. Өзім үйдемін балаларыммен, күйеуім жұмыс істейді. 

Ал, сегіз баланың анасы Бейсенкүл Сағынтаеваның мәселесі өзгеше. Жолдасының айлық-табысы 40-45 мың  теңге, оған қосымша балалардың 16 000 теңге жәрдемақысын қосыңыз, отбасының кіріс көзі осындай. Ол отбасымен Тараз қаласында тіркеуде болғанымен, қала маңындағы елді мекеннің бірінде тұрып жатыр. Атаулы көмекті алуға да дәл осы жағдай қиындық туғызып отырған көрінеді.

Бейсенкүл Сағынтаева, көп балалы ана:

— Сегіз баланың анасымын. Қазіргі таңда үйім жоқ. Бір жерде пропискада тұрмыз. Бірақ, өзім елдімекен ауылда тұрамын. Өйткені, арендаға төлейтін ондай қаражатым жоқ. Тұрғылықты жерің мен пропискаң бір жерде болу керек дейді. Ал ондай болу үшін мен 50-60 мың аренда төлей алмаймын. Сол жағдайды басшылық қарастырса деймін.

Орталық маңынан осылай бірі баласын көтеріп, енді бірі баласын жетектеп жүрген көпбалалы аналарды көптеп кездестіресіз. Бәрі де Президент айтқан көмекті алуға ниетті. Кейбірі аса мұқтаж десек те болады. Күні  кеше өткен мерекеде де облыс басшыларынан бастап, аудан — ауыл әкімдері жағдайы төмен отбасыларды аралап, хал ахуалын білді. Ал, жауапты мамандар Елбасы тапсырмасына орай тұрғындарға материалдық көмек беру нақты әрі кешенді түрде жүзеге асатын болады – деп сендіріп отыр.

Дереккөз: Jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.