Байзақтықтар көктемнің алғашқы күндерінде қос бірдей қуанышқа бөленді

0 1

Байзақтықтар  көктемнің алғашқы күндерінде  қос бірдей  қуанышқа бөленді. Бурыл ауылдық округінде «Астана парк» кинотеатры ашылса, Кеңес ауылында жаңа мешіттің лентасы қиылды. Бұл жолы, мемлекет қазынасынан емес, жомарт жандар демеушілігі сеп болған. Игілікті іс «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  жемісті нәтижесі, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бұған дейін елдімекенде кинотеатр мүлдем болмаған. Енді міне, ауыл жастары бос уақытын тиімді әрі, қызықты өткізуіне мол мүмкіндік. Жаңадан ашылған «Астана парк» нысаны 55 көрерменге  шақталған.

Ал, Кеңес ауылында жаңа мешіттің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл аудан бойынша 28 – ші мешіт. Мешіттің ашылуы көпшілік іс -шараға жалғасты.

Осылайша, кәсіпкерлер бизнесін өрге домалатып қана қоймай, қоғамның рухани тәрбиесіне үлес қосуда.

Дереккөз: Jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.