Шу ауданында жаңа мұражай пайдалануға беріледі

0 13

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы жария болған күннен-ақ  халық арасында жаппай қолдауға ие болды. Елбасы мақаласының негізгі мақсаты — ұрпаққа төл тарихымызды шашпай-төкпей жеткізу. Осы бағытта жүзеге асқан Шу қаласындағы аудандық мұражайдың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Досаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігінің тілшісі.

Аталған мақаланы аудан аумағында жүзеге асыру мақсатында бүгінгі күнге дейін түрлі деңгейдегі 20 іс-шара өткізіліп, оған 700-ге жуық тұрғын қатысқан.

Аудандағы мектеп оқушыларына атқа міну мәдениеті, ат әбзелдерін таныстыру, атбегілік кәсібі мен жалпы жылқы сипаты туралы мәдени-сауықтыру және түсіндіру жұмыстары сынды шараларды әр тоқсанда бір реттен өткізіп тұру жоспарлануда, — дейді аудан әкімі.

Айтуынша, ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі аясында елді мекендерден экспонаттар жинау жұмыстары қолға алынған.

— Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын көптеген спорттық ойындарды да жаңғыртып, арнайы жүлделер тігіледі. Бұның бәрі де Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған мақсат-міндеттердің бір бөлшегі ғана. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жанданып, бірқатар жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады, — дейді Қайрат Досаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.