Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен жастары!

0 0

2019 жылдың ақпан айынан бастап Тараз қаласы, Ленин көшесі, 97 «А», Әл-Фараби көшесі, 7 «Б» және Бәйдібек би көшесі, 1 «А» мекен-жайларында «ҚАМҚОР» қайырымдылық дүкендері ашылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Қайырымдылық дүкенінің мақсаты — әлеуметтік осал топтағы жандарға (көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, көпбалалы жалғызбасты аналар, жалғызілікті қарттар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспірімдер т.с.с.) қажетті киім-кешек пен тұрмыстық заттарды, кеңсе тауарлары мен ойыншықтарды, т.б. тегін тарату.

Сіздерді айналымыздағы қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру үшін аталған дүкенге кез келген киім-кешек пен тұрмыстық заттарды тапсыруға шақырамыз!

Өткізетін заттарыңыз таза әрі бүтін болуы шарт.

Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Сауапты іске өз үлесімізді қосайық!

Дүкендер дүйсенбі — жұма күндері ( 5 күн бойы тұрақты) сағат 10.00 — 18.00 аралығында қызмет көрсетеді. Келем деушілерге есігіміз әрдайым ашық.

Ескертпе: өткізетін заттарды қажет болса өзіміз алып кетеміз.

Байланыс телефоны: 8 747 163 11 85, 8 776 063 1185, 8 702 938 56 83

Leave A Reply

Your email address will not be published.