Жамбыл облысында медицина саласының мамандары жетіспейді. Әсіресе, шалғай аудандарда акушер-гинеколог, неонатолог, реаниматологтарға сұраныс жоғары. Кадр жетіспеушілігіне жаңадан ашылып жатқан медицина ұйымдарының көбеюі себеп. Бұл туралы «ZhambylNews» АА 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жалақысы жоғары болғандықтан, білікті мамандар жекеменшік емдеу мекемесінде жұмыс істегенді жөн санайды. Десе де, өткен жылы өңірге ақ халаттыларды тарту үшін жергілікті бюджеттен 60 миллион қаржы бөлініп, 74 жас маманға 800 мың теңгеден әлеуметтік көмек көрсетілген. Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберінде 35 жас маман келіп, тұрақты жұмысқа орналасқан. Мұндай шаралар биыл да жалғасын табады. Ол үшін еліміздегі ірі медициналық жоғарғы оқу орындарының бос орындар жәрмеңкесіне қатысып, жас түлектермен келісім шарт жасау жоспарланды.
Хамит Мырзақасымов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
— 20 маманның ішінде акушер гинекелогымыз бар, неанатолог, реаниматолог мамандары бар, басқа да мамандар бар. Осы мамандарға қай жағынан көп тапшы сол жағынан резидентура арқылы оқытып осы мамандарды дайындап жатырмыз. Мынау Қазақстанда орналасқан вуздардың бос орындар жәрмеңкесіне қатысуда, сол жәрмеңкесіне қатысу арқылы жас түлектермен келісім шартқа отырып жатырмыз.