Ағымдағы жылдың 18 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы «Жемқорлықты заң да, дін де құптамайды» тақырыбында жиын өткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жиынға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев және Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаров, «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық офисінің басшысы Қайрат Меклисович, сондай-ақ, діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Кездесуге жалпы 40-қа жуық адам қатысты.
Өз кезегінде, дін өкілдері ғибадат орындарына келушілерді пара бермеуге шақыру үшін өз жұмысында толық дайын екендігін білдірді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жүргізу үшін барлық мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.
Аталған жиынның қорытындысы бойынша қатысушылар аталған мәселе уақтылы көтеріліп отырғандығын атап өтіп, одан әрі ынтымақтастықты арттыру бойынша бірқатар шешімдер қабылдады.