Бүгін Жамбыл облысы «Жаңару» күнін атап өтуде. Жалпы облыс бойынша бұл күні 73 сәби дүниеге келді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Айтулы күні қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай облыстық және қалалық перинаталдық орталықтарда жарық дүние есігін ашқан нәрестелердің аналарын қала әкімінің атынан арнайы құттықтап, сәбилерге қажетті бұйымдардан құралған сыйлықтар табыс етті.
Кенжебек Олжабай, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:
— Бүгін өңіріміздегі осындай мереке күні жарық дүние есігін ашқан сәбилердің бауы берік болсын, болашағы жарқын болсын. Аналарымыз аман болсын, — деп тілегін жеткізді Ол.
Айта кетейік, биыл Әулиеата жері Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін 9 күн атап өтуде. 14-наурыздан бастау алған мерекелік көңіл күй алдағы күндері «Береке күні», «Ұлыстың Ұлы күні», сондай-ақ, «Жаңа күн» болып жалғасын табады.