Асқар Мамин Астананың Нұр-Сұлтан болып өзгертілуінің басты себебін ашып түсіндірді. Оған қоса, премьер-министр елорда тұрғындары астаналықтар болып қалатынын жеткізген, деп жазады «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасаған «ZhambylNews» AA.
Премьер-министрдің мәләмдеуінше, Елбасының «Астананың өркендеуі — Қазақстанның өркендеуі» атты бағдарламасының арқасында елорда мен басқа өңірлер елеулі түрде дами түсті. Бұл халықаралық қоғамдағы Қазақстанның беделін арттыруға өз септігін тигізді.
Премьер-министр астананың жаңа атауы жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, үлкен мақсаттарды белгілемек. Оған қоса, Мамин қала тұрғындары бәрібір де астаналықтар болып қалатынын жеткізді.
«Себебі Нұр-Сұлтан — Қазақстанның астанасы» , — деді ол.