Жамбылда жылыту маусымы 1 сәуірде аяқталады

0 11

Жамбыл облысында жылыту маусымының ұзақтығы ҚР құрылыс нормаларына сәйкес (ҚР ҚНжЕ 2.04-21-2004 «Азаматтық ғимарараттардың энергия тұтынуы жəне жылу қорғауы») 164 тәулікті құрайды және жылыту маусымының ұзақтығын анықтау кезінде сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы тұрақты +8 0С тең немесе одан төмен болғандағы жылыту жүйелерінің жұмыс уақыты алынады. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

2018-2019 жылдардағы жылыту маусымының ұзақтығы 1 сәуірге 173 тәулікті құрайды.

Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі «Казгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жамбыл облысы бойынша филиалының ауа райы болжамы бойынша сәуір айының бірінші он күндігінде орташа сыртқы ауа температурасы күндіз +100С-дан +250С-қа дейін жылуы және түнде +50С-дан +100С-ға дейін жылуы күтілуде.

Осыған орай, жергілікті атқарушы органдармен 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымын 1 сәуірде тоқтатуға өкімдер әзірленуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.