Әділ Тұрсынов Елбасының кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы «ZhambylNews» АА Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Ә.Қ. Тұрсыновты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындау туралы» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімі
Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев