Олардың арасында қоғамда дау тудырған әлеуметтік мәселелерді қамтитын құжаттар да бар.
Атап айтқанда, Экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестиция тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыруға арналған заң жобасын депутаттар екінші оқылымда қабылдады. Айта кетейік, құжат аз қамтылған отбасылардағы әрбір балаға арналған ең төменгі төлемді 20 789 теңге мөлшерінде белгілеуді көздейді.
Сондай-ақ мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға арналған жәрдемақыны көбейтуді қарастырады.
Бұдан бөлек педагог, дәрігер, полиция қызметкерлері және өзге де мамандар үшін «7-20-25» бағдарламасының алғашқы жарнасын жергілікті бюджеттен субсидиялау енгізілмек.
Дереккөз: 24.kz