Жамбыл ауданы полиция бөлімінің бастығы халық алдында есеп берді

0 22

Жамбыл ауданының Аса ауылында аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Талғатбек Тәтеновтің тұрғындар алдында есеп беру кездесуі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талғатбек Тәтеновтың айтуынша, Жамбыл ауданы ішкі істер органдарының қызметкерлері өткен жылы жақсы жұмыс атқарды, бұл қорытынды сандарға әсер етіп отыр: 2017 жылмен салыстырғанда қылмыс саны 21,4% — ға (519-ден 408-ге дейін) азайды, ашылуы керісінше, 13,2% — ға 65,7% — ға дейін өсті.

Ал меншікке қарсы 232 қылмыс  орын алып (2017 ж. – 312), 25,6% төмендеген. Сондай — ақ,  мал ұрлығы 28,5% — ға, ұялы телефондар- 38,2% — ға, алаяқтық 21,4% — ға төмендеді.

Аймақта өткен жылы 5192 әкімшілік қылмыс анықталып, 14,2 миллион теңгенің салынған айыппұлынан мемлекет кірісіне 8,7 миллион теңге өндіріп алынды.

Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің әртүрлі профилактикалық есебінде 425 адам тұрады, олардың жартысынан көбі (216) спирттік ішімдіктерді пайдаланады. Оларға қатысты учаскелік полиция инспекторлары үнемі алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Бұдан басқа, тұрақты негізде «Есеп», «Құқық», «Притон», «Наркощит», «Фазенда», «Қауіпсіз жол», «Автобус» және басқа  жедел- алдын алу іс-шаралары жүргізіледі.

Талғатбек Тәтенов көшелерде және қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу үшін үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, таксидің диспетчерлік қызметтерінің және басқа да құрылымдардың әлеуетін кеңінен пайдалану қажеттігін атап өтті.

Баяндаманы аяқтай отырып, АПБ бастығы заңдарды сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрбір азаматтың міндеті мен борышы екенін атап өтті.

Бұдан кейін сөз алған Жамбыл ауданының әкімі Б.Қазанбасов әрбір ауылдық округте учаскелік инспекторларға арналған тұрғын үйлер мен тірек пункттердің құрылысы бойынша жобалар дайындалып жатқанын, бейнебақылау камераларын орнату бойынша жұмыстар жалғастырылатынын атап өтті. Қажетті қаражат бірінші жартыжылдықта бөлінетін болады. Сондай-ақ, ол өткен жылғы полицейлердің атқарған жұмысына жоғары баға берді.

Іс-шара Т.Тәтеновтің халықпен өзара әңгімелесуімен аяқталып, оның барысында жиналған аудан тұрғындарының көптеген сұрақтарына жауап берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.