«ӘЙЕЛ – ӘЛЕМНІҢ ТІРЕГІ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

0 2

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Тараз қаласындағы Достық үйінде «Әйел – әлемнің тірегі» атты мерекелік шара ұйымдастырылып, аймақтағы әйелдер қауымы мен аналар қауымдастығының өкілдері жиналды. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері және этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.
Салтанатты жиында қатысушыларды мерекемен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілханов, облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Гулам Умаров және тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махкам Орифов құттықтап, аналардың қоғамдағы орны мен еңбегін ерекше атап өтті.
Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының аналары мен нәзік жандыларына «Қоғамдық келісім» мекемесі және «Жомарт жан» волонтерлік орталығы атынан сыйлықтар табыстап, құрмет көрсетті.
Мерекелік кеш Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармония мен этнос өнерпаздарының концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Кеш соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, мерекелік дастарқан басында жүздесті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.