Байзақ ауданында этномәдени бірлестіктердің аймақтық семинары өтті

0 3

Ағымдағы жылдың сәуір айында Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында  «Қазақстан Республикасының этномәдени саясатының жалпы тәсілдері мен негізгі принциптері» тақырыбында аймақтық семинары өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аталған шара Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғылыми-сараптамалық бөлімінің ұйымдастыруымен Байзақ, Жамбыл және Жуалы аудандарының мемлекеттік қызметкерлері мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Сондай-ақ, іс-шараға этносаралық және конфессияаралық қатынастар, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметкерлер, дін істері, тілдерді дамыту басқармаларының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Семинардың мақсаты – қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру технологиялары бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен дағдыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттерді арттыру. Тақырып бойынша тыңдаушылардың заманауи білімі мен дағдыларын меңгеру болды.

Белгіленген бағдарламаға сәйкес семинар модераторы – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты  Парида Мамедова  «Жамбыл облысындағы этноконфессионалды жағдайды талдау және шолу: этномәдени, діни бірлестіктердің мемлекеттік құрылымдарымен өзара іс-қимылын жетілдіру бойынша ұсынымдар» атты  баяндамасында Жамбыл облысындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды, қоғамдық келісімді нығайту, этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамыту бойынша ұсынымдарын атап көрсетті.

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Гүлхан Әлімбекова «Жана әліпби және емле ереженің жаңалықтары» тақырыбында жазылған  баяндамасында жаңа әліпбиге көшу жұмыстарына тоқталып өтті. Сонымен қатар, семинарда «Тілдерді оқыту орталығы» «Жаңа әліпби мен емле ережелерінің жаңалықтары» тақырыбында тренинг өткізді.

Аз ғана үзілістен соң, Жамбыл облысы әкімдігінің  «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Ақпараттық түсіндіру және жоспарлау» бөлімінің инспекторы Бахтияр Алпысбаев өңірдегі діни жағдайға баға бере отырып, аудандық мемлекеттік қызметкерлерге осы тұрғыда жұмыс жүргізу тәсілдерін күшейтуді өзекті мәселе ретінде қарастырды.

Сондай-ақ,  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, педагогика магистрі Раушан Сейдрахманова жаһандану үрдісінде  әлемді шарпыған рухани дағдарыс жағдайында тұлғалардың адами құндылықтары жайлы практикалық тренинг жүргізді. «Менің құндылықтарым» тренингі арқылы әрбір адамның жеке «мені» «сананы тазалауы», сананы кеңейтуді қамтамасыз ететін рухани байлыққа жетілдіруі керектігі туралы ой қозғады.

Сонымен бірге, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Рысты Керимбаева «Ғасырлар дәстүрін сақтау: қазақтардың мәдени коды және толеранттылық» тақырыбында жасаған баяндамасында ҚХА «Қазақтану» жобасының негізінде күнделікті жұмыс жүргізілу қажеттігін ескерте отырып, жобаны жүзеге асырудағы өз тәжірибесімен бөлісті.

Ғылыми-сараптамалық топтың бұл отырысында Жамбыл облысындағы эносаралық жағдайлар қарастырылып, әлеуметтік зерттеу нәтижелері қорытындыланып, атқарылған жұмыстарға  толықтырулар енгізілді.

Жиын соңында семинарға қатысушыларға сертификаттар табысталып, өткізілген іс-шараның қорытындысы жарияланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.