Қазақстанның қор биржасында доллар бағамы нығайды

0 3

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,88 теңгеге қымбаттап, 513,45 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 512,53 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 513,01 теңгеден сатып алынады, 515,01 теңгеден сатылады. Еуро 593,90 — 599,23 теңге, ал рубль 6,51 — 6,62 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,95 теңгеден сатып алынады, 75,57 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 510,54 теңгеден сатып алынады, 517,54 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 591,42 теңге, сату — 601,42 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,53 теңге, сату — 6,63 теңге.
— юань: сатып алу — 73,76 теңге, сату — 78,02 теңге.

Еске салайық, Ұлттық банк Ұлттық қордан 500 млн долларға дейін шетел валютасын сатуды жоспарлап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.