Қазақстан халқы Ассамблеясының екі күндік республикалық «Көшбасшылар мектебі» жобасы бүгін өз мәресіне жетті.
Жобаға қатысқан белсенді жастарға Жамбыл облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаеваның атынан сертификаттар мен аймақтық Ассамблея туралы кітаптар табысталды.
Жоба негізінде жоспарланған екі күндік бағдарлама жастар тарапынан жоғары бағаланды. Олар құнды әрі тың ақпараттарға толы болғандағын айтып ұйымдастырушы тарапқа ризашылықтарын білдірді.
Белсенді жастар ары қарай көне шаһардың ерекше ескерткіштері «Ежелгі Тараз» аспан асты музейі, «Қарахан баба», «Айша бибі» мавзолейі және ХІV ғасырға жататын «Тектұрмас» этно-тарихи кешендеріне саяхат жасап, тағылымға толы тарихымен танысты.
ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдерінің Жамбыл жеріне арналған екі күндік сапарының соңы тарихи-мәдени орындарды тамашалаумен тәмамдалды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.