Жыл сайын елімізде 40 мың адам инсульт дертіне шалдығады. Осыдан үш жыл бұрын ғана осы кесірлі кеселден қаза табу көрсеткіші 50% болса, қазір 2 пайызға қысқарған.
Қысқа мерзімде осындай жетістікке жету емдеу тәсілдерін жетілдіріп, озық тәжірибені қолданудың нәтижесінде мүмкін болып отыр. Алмас Садуақас толықтырады.
Бұл Алматыдағы Орталық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімшесі. Соңғы үш жылда мұнда ми қан тамырлары мен жұлынға 3 мыңға жуық түрлі операция жасалды. Олар негізінен ми қабыршақтарынан түзілетін ісіктерді емдеген. Яғни инсультке шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсетті.
Мыңжылқы Бердіқожаев, нейрохирург:
— Осы бөлім ішінде жасалған операция қазіргі таңда 1200 операцияға жетіп қалды. Ол өте жақсы көрсеткіш. Егер шетілдік әріптестермен салыстыратын болсақ, қандай да бір клниканы алатын болсаңыз эксперттік клника жылына 100 операция жасау керек мидың қан тамырларына.
Нейрохирургия бөлімшесінің басшысы, білікті дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев күніне 4-5 операция жасайды. Медицинасы дамыған Германия, Израиль мен Үндістандағы әріптестерімен үнемі тәжірибе алмасып тұрады. Соның арқасында инсультті емдеудің жаңа әрі озық технологиялары мен әдіс-тәсілдерін тәжірибеде қолданып, әріптестеріне үйретіп келеді.
Мыңжылқы Бердіқожаев, нейрохирург:
— Біздің бөлімнің өзінде жылына 100 ден астам инсулть көтерген адамдар түседі. Олардың ішінде бұрында адамның қайтыс болу қаупі 50 пайызға жетіп жатса, қазіргі таңда сол ауыр хәлде түсетін науқастар шамамен 2 пайыздан төмендетуге қолымызды жеткіздік.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде деген даналық сөз қашан да өзекті. Ал білікті дәрігерлер ең алдымен ішімдік пен темекі сынды жаман әдеттерден арылу қажет екенін айтады. Жүйкеге артық салмақ салмай, саламатты өмір салтын ұстанып, сапалы тамақ ішу қажет дейді.
Дереккөз: 24.kz